"Кеміргіштер мен үй тышқандарын жою жұмыстары облыстың 8 ауданының 38 елді мекенінде жүргізілді", - деп атап көрсетті облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің аса қауіпті індеттерді бақылау бөлімінің бас маманы Мұрат Муафиков.
Дератизация аясында жалпы аумағы миллион шаршы метрден асатын 5 200 аула өңделді. Сондай-ақ, барлық 38 елді мекенде 21 900 гектар жерге қорғаныс аумақтары жасалды.