Ақтөбе облысында көзі жойылған ҰҚТ мүшелерінің үшеуінің қанынан есірткілік заттар табылған

«Жүргізілген сот-медициналық сараптама бойынша, көзі жойылған үш қылмыскердің қан құрамынан есірткілік зат табылды. Болжам бойынша, олар наша шеккен», - деп А. Иманғалиев бейсенбі күні мәлім етті.

Оның айтуынша, қазір Кеңқияқ және Шұбаршы кенттерінде оперативтік-тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіпті сақтау үшін ауылға полицейлердің взводы жіберілді.

Бұрын хабарланғандай, Темір ауданында 30 маусымда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерімен екі полицей өлтірілді. ҰҚТ мүшелерін ұстау операциясы барысында арнайы жасақтың 2 қызметкері қаза болып, 4 жауынгер жараланды. ҰҚТ мүшелері діни идеяларды бүркеніп, мұнай ұрлаумен айналысқан.