Ақтөбе облысында күре жолда 25 жолаушысы бар автобус бұзылды

Кеше сағат 20.07-де Павлодар облысы Екібастұз қаласынан 20 шақырым жерде «Павлодар-Алматы» тас жолында дизельді отынның қатуынан 2 жүргізушісі бар жүк көлігі жолда қалды.

ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД Екібастұз қаласы Шұғыл құтқару қызметінің күшімен (2 адам мен 1 техника) жүргізушілер қауіпсіз аймаққа шығарылып, Екібастұз қаласына жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ.

Ақтөбе облысында дүйсенбі күні сағат 10.55-те «Ақтөбе-Орынбор» тас жолында 25 жолаушы мінген «Сетра» автобусы бұзылды.

ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің күшімен (2 адам мен 1 техника) адамдар қауіпсіз аймаққа көшіріліп, жақын маңдағы қонақ үйге орналастырылды. Зардап шеккендер жоқ.