Ақтөбе облысында мал ұрлағандар ұсталды


Сезіктілер  «Мазда» және «Лада Приора» маркілі көліктермен әрекет еткен.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарланды.  

Қаскөйлер ізін суытпақ болғанмен, ойлары іске аспады. Оларды ұстауға қылмыс орнында қалған іздер мен бірінің ұялы телефоны көмектесті. Ұсталғандардың Ақтөбе облысында тіркелген мал ұрлаудың 6 фактісіне қатысы бар екені дәлелденді.