Ақтөбе облысында мал ұрлығының алдын алу мақсатында "ҚҰРЫҚ" жедел алдын алу шарасы өтті

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақтөбе қаласынан 2 жедел топ құрылып, мал сататын базарлар тексерілді. Осы шара кезінде 179 автокөлік тексеріліп, соның ішінде 86 машина мал және ет тасымалдағаны анықталды. Мұндай жайттар аудандарда жиі кездеседі.

"Мәселен, Әйтеке би ауданының 1967 жылы туған тұрғыны екі ірі қара малды ұрлағандығы және малды өз үйінің ауласына сойып, Ақтөбе қаласына әкеп сатқан. Қазі бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 175-бабына сай іс қозғалып, тергеу жүргізіліп отыр",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.