Ақтөбе облысында металл бұйымдарды бөлшектеу кезінде 3 адам қаза болды

ТЖМ ақпараты бойынша, оқыс оқиға Ақтөбе облысы Кұдық поселкесінің істен шыққан канализациялық сорап станциясында болған.

Станциядағы метал бұйымдар заңсыз бөлшектеніп, кесілген кезде металл швеллер 3 адамның үстінен құлап, оларды басып қалған. Қаза болғандардың біреуі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім.

"Алған жарақаттардан үшеуі де сол жерде көз жұмды", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті