Ақтөбе облысында мұғалімдер жетіспейді



Облыстық білім департаментінің бас маманы Гүлзейнеп Есенғалиеваның мәліметіне қарағанда, жаңа оқу жылында математика пәнінен 39, химия -8, физика 33, ағылшын тілі пәнінен -14, информатика -30, және дене шынықтыру пәнінен -62 мұғалім жетіспейді. Әсіресе, Алға, Мұғалжар, Хобда, Хромтау, Қарғалы, Темір және Мартық аудандарында дәріс берушілер өте тапшы. Білім департаменті өкілдерінің пайымдауынша, мұндай жағдайдың қалыптасуына жас мамандарға әлеуметтік көмектің қарастырылмауы себеп. "Оларға орнығу үшін қаражат төленбейді, бұрынғыдай баспана берілмейді. Жасыратыны жоқ, мұғалімдердің көпшілігі баспананы жалдап тұрады",-дейді Гүлзейнеп Есенғалиева. Мамандардың пікірінше, аймақтағы мұғалімдердің жетіспеу мәселесін тек аудандық әкімшілік шеше алады, олар осы жағдайға көңіл бөліп , қол ұшын берулері тиіс".
Осыған байланысты облыстық білім департаменті аудандық әкімшіліктерге хат жолдады.

Ақтөбе облысында 16 мыңнан астам мұғалім бар.