"Мұнайдың "ҚазТрансОйл" АҚ мұнай құбырларынан рұқсатсыз ойық жасау жолымен ұрланғандығы анықталды. "Кеңқияқ-Орск" мұнай құбырының 107 шақырымында және "Жаңажол-Кеңқияқ" мұнай құбырының 24 шақырымында майлап жасырылған ойықтар табылды", деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Аталмыш деректер бойынша ҰҚКД тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы, 2-тармағы, "а" тармақшасы бойынша (бір топ адамның алдын ала келісіп жасаған ұрлығы) қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті