Ақтөбе облысында мұнайшылар жаппай астан ұшынды


Бірер күн бұрын жұмысшылардың басы айналып лоқсып құсқан. Олардың неліктен өздерін жаппай жайсыз сезінгендерін ешкім дөп басып айта алмауда. Сондықтан «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамына тиесілі вахталық ауылға санитар мамандар тобы шұғыл  жөнелтілді. Олар ең алдымен мұнайшыларға арналған асхананы тексеруге кіріскен. Әйтсе де, ұшынғандар күн санап көбейіп келеді дейді сондағылар.