Ақтөбе облысында мыңға жуық елтіріні Ресейге шығаруға бағытталған контрабандалық әрекеттің жолы кесілді

Кедендік бақылау департаментінің ақпараттарына сүйенсек, Мәртөк ауданының Жайсан теміржол станциясының кеденшілері Алматы - Мәскеу бағытындағы жолаушылар поезының бір вагонынан төбеаралық қуысынан өңделген терілер тапқан. Жүктің иесі - жолсерік тауар құжаттары мен оны алып жүруге рұқсат беретін құжатты көрсете алмаған. "Тәркіленген терінің жалпы саны 920-ға жетеді",- деп түсіндірді кеденшілер.

Қазіргі уақытта аталмыш дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 209-бабы бойныша (экономикалық контрабанда) қылмыстық іс қозғалды. "Күдікті тауарды қайда апара жатқандығын, сонымен қатар тәркіленген терінің жалпы бағасы тергеу барысында анықталады",- деп атап өтті кедендік бақылау департаментіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті