Ақтөбе облысында нан қымбаттады


«Шілденің бірінен бастап наубайханалар меморандум негізінде нан бағасын 47 теңгеден 51 теңгеге дейін өсірді. Бұрын бөлшек саудада 49 теңгеден сатылған нан бағасы 53 теңгені құрап отыр», - деді ол Ақтөбеде өткен брифингте.
Айтуынша, Ақтөбе облысы астық екпейді. Оның үстіне, соңғы жылдары қуаңшылыққа байланысты бидай өсіру көлемі едәуір қысқарған. Бұл факторлар өнім бағасының қымбаттауына ықпал етпей қоймады.