"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Ақтөбе облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің материалдары негізінде аталмыш екі тұлғаның үстінен қылмыстық іс қозғағандығын атап өткім келеді",- деп нақтылады А. Сағынбазаров.
Оның айтуынша, Ақтөбе облыстық сот төрағасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша: 311-бабының 4-тармағы (Пара алу), 308-бабының 4-тармағы (Билік немесе лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану) мен 363-бабы бо йынша (Қылмысты жасыру) айыпталып отыр.
А. Сағынбазаровтың мәліметтеріне сүйенсек, Ақтөбе қалалық соттың төрағасы бопсалаушылық жолымен ірі көлемде пара алды деген күдік тудырып отыр.
Арнайы прокурордың айтуынша, екі күдікті де тергеу жүргізу кезінде қызметінен босатылған.