Ақтөбе облысында өрт салдарынан екі ересек адам мен үш бала мерт болды

Агенттіктің дәйегіне жүгінсек, өрт төсек үстінде шылым шегу салдарынан басталған. 12 шаршы метрді қамтыған тілсіз жауды ауыздықтау барысында екі ересек адам мен 1, 8 және 11 жастағы үш баланың мәйіті табылды.

Өрт бір сағат ішінде сөндірілді. Оны ауыздықтауға 15 адам мен мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 4 техникасы жұмылдырылды.