Ақтөбе облысында өртке қарсы қауіпсіздік нормаларды бұзғаны үшін алты мектептің іс-қызметі тоқтатылды

Атап айтқанда, мекеменің аға инспекторы Айгерім Райымқұлованың хабарлауынша, "Башенкөл мектебіне, Базой мектебіне, Байғанин кәсіби мектебіне, Красносельск орта мектебіне, № 19 Ақтөбе орта мектебіне, сондай-ақ Мартук ауданының студенттік мектебіне қатысты бір ай мерзімде анықталған кемшіліктерді жою туралы тиісті сот шешімі шығарылды".

"Біздің қызметкерлер тексеру жүргізген кезде мектептерде өртке қарсы дабылдың болмауы, сондай-ақ терезелерде өрт шыққан жағдайда адамдарды далаға шығаруға кедергі жасайтын темір торлардың болуы сияқты заң бұзушылықтар анықталған",- деді А. Райымқұлова.

Сонымен қатар, "департамент 412 мектепке 2 млн теңгеден астам сомада айыппұл салған",- деп атап өтті облыстық департаменттің аға инспекторы.

Облыстық білім департаментіндегілер өз кезегінде, "сот шешімімен іс-қызметі тоқтатылған мектептерде сабақтар жалғасуда", деп атап өтті.

"Біз барлық кемшіліктер мен талаптарды ескердік",-- деп мәлім етті департаменттегілер. "Жергілікті әкімшілік бюджетіне әрқайсысы 800 мың теңге тұратын дабылдар сатып алуға қажетті соманы салдық. Бірақ оқу жылының ортасында оқу процессін үзген жоқпыз",- деп нақтылап өтті олар.

Ақтөбе облысында интернаттарды қосқанда барлығы 460 астам мектеп бар.