Атап айтсақ, өткен жылы облыс аумағында 937 оқыс оқиға тіркелген, олардың 173-і - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 1,6 есе артық (барлығы 106 оқиға). Осы ретте төтенше жағдайлардан 143 адам зардап шекті, бұл 2006 жылғымен салыстырғанда бір жарым есе артық (90 адам), ал қаза тапқандардың саны 93, бұл да өткен жылғымен салыстырғанда 1,6 есе артық (57 адам).
Сонымен бірге, материалдық шығын көлемі азая түсуде. Егер 2006 жылы төтенше жағдайлардан келген материалдық шығын көлемі 566 млн теңгені құраса, өткен жылдың қорытындысы бойынша - 227 млн теңге болды.
Бұған қоса, өткен жылы өндірісте 11 қайғылы оқиға болып, 10 адам қаза тапты. Тұрмыста 13 қайғылы оқиға болып, соның салдарынан 21 адам қаза тапты, деп хабарлайды баспасөз қызметі.