Ақтөбе облысында өткен жылы "Діни сенім-наным еркіндігі және діни бірлестіктер туралы" заңын бұзуға қатысты 7 дерек анықталған

Басқарма бастығының айтуынша, "анықталған 7 деректің үшеуі "Евангелия Христиане Баптисты" атты тіркеуден өтпеген діни бірлестіктердің заңсыз миссиялар жүргізуіне байланысты. Сондай-ақ, "Благодать" (Грейс), "Тарихатшылар" және "Таблиги Джамаат" атты тағы да тіркелмеген діни бірлестіктерінің үлесіне де осындай бір-бір заң бұзушылықтан тиеді ".

Н.Ноғаевтың айтуынша, ІІД-нің экстремизммен, сепаратизммен және лаңкестікпен күрес басқармасының қызметкерлері діни тақырыпта, бірақ экстремистік сипатта емес үнпарақтар тарату дерегін анықтаған.

Ақтөбе облыстық ІІД-нің экстремизммен, сепаратизммен және лаңкестікпен күрес басқармасының мәліметінше, жалпы алғанда өңірде 111 діни бірлестік, соның ішінде 68 исламдық, 35 христиандық , сондай-ақ, 8 қайырымдылық мақсаттағы діни қорлар жұмыс істейді.