Ақтөбе облысында өткен жылы өрт саны 19% өскен

Оның айтуынша, егер 2006 жылы облыста 782 өрт шықса, өткен жылы осы көрсеткіш 933-ті құраған. Өрт салдарынан барлығы 32 адам қайтыс болған. Ол 2006 жылғыдан екі есе көп. Ал өрттен келген шығын 260 млн теңгеден асқан. Ол 2006 жылғы көрсеткіштен 2,5 есе аз.

"Сараптама нәтижелері көрсетіп отырғандай, өрт жеке секторда жиі шыққан. Онда 507 өрт тіркелген. Екінші орында дала өрттері (166 дерек), үшінші орында көліктердегі өрт (112 мәрте)", - деді Ә. Райымқұлова.

Сонымен бірге, аға инспектор мәліметтеріне сүйенсек, өрттің туу себептерінің ішінде жиі ұшырасатыны отпен абай болмау (39,3%), монтаждау және құралды пайдалану ережелерін сақтамау (19,3%), сондай-ақ, әдейі от қою (15,6%).