Ақтөбе облысында Өзбекстандық екі браконьерге бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды

Оның айтуынша, табиғат қаскөйлері сәуір айында Шалқар ауданының аумағында ұсталған. Тыйымға қарамастан, шетелдіктер 9 киікті заңсыз атып алған. Сонымен бірге олардың қолынан 16 калибрлі тіркелмеген аңшы мылтығы мен 20 оқ тәркіленді.

Бұл іске қатысты тергеу амалдары екі айға созылды. Шалқар аудандық соты сөйтіп таяуда ғана үкім шығарды. Өзбекстан азаматтары жүктелген жазаны жалпы тәртіпті абақтыда өтеумен бірге 1,4 млн. теңгенің айыппұлын төлеуге тиіс.