Ақтөбе облысында өзенді ластаған шошқа фермасына күлкілі айыппұл салынды


Экологтар Байбақты өзенінде жаппай балықтың қырылу себебін бүгін жариялаған болатын. Айтуларынша, шошқа фермасынан аққан нәжіс қалдықтарының кесірінен өзендегі улы аммиак көлемі 700 есеге артып кеткен. Қатерлі бактериялар тіпті мың есеге көп. Ал балық инспекторлары болса жағалаудан небәрі 2 келі балық таптық деп айды аспанға шығарып отыр. Олардың бұл қылығына ауыл тұрғындары да наразы. Дер кезінде келмей, артынан жөнді бақылау да жасай алмады деп ашынуда. Балықтың қырылуына түрткі болған шошқа фермасын тексеруге құзырлы органдар да қауқарсыз. Өйткені қазір мұндай кәсіпкерлік нысандарды тексеруге жыл соңына дейін мараторий жарияланған.