Ақтөбе облысының Хромтау ауданында көпқабатты үйден өрт шығып, екі баланың мүрдесі табылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.
Көпқабатты үйлердің бірінде өрт шығып, тұрғындары жедел хабар берді. Өрт сөндірушілерден жеті адам және 2 техника жұмылдырылды. Пәтердің 10 шаршы метрі жанып кеткен. Бар болғаны 20 минутта өрт сөндірілді. Бірақ оқиға қайғылы аяқталды.
«Өрттен соң оқиға орнынан 4 және 9 жастағы екі бала табылды. Полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем де болды. Өрт оқиғасы барысында 20 адам қауіпсіз аймаққа көшіріліп, 10 адам құтқарылды», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, апалы-сіңлілі екі азаматшаның балалары қаза болған. Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.