Биыл Ақтөбелік шаруашылықтар 812 мың тонна шөп шабуды межелеп отыр. Ал 2002-жылы 916 мың тонна жем-шөп дайындау көзделсе де, шаруашылықтар жоспарды асыра орындағандықтан ашық алаңқайларда сақталған пішен жарамсыз болып қалған болатын.Сол себепті биыл шөп шабу мөлшерінің төменгі шегі азайтылып, қажетті мөлшердегі пішенді басқалардан бұрынырақ тапсырған алғашқы бес шаруашылыққа 300 мың теңге сыйақы тағайындалды.
В.Литовченконың айтуынша, малға арналған пішен Ақтөбе облысында тек арнайы өсірілмейтін далалық шөптерден әзірленеді. Шабылған шөп ашық аспан астындағы пішен қораларда сақталады.