Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды

Ақтөбе облысында кеше жолдардың дені жабылып, бүгін ашылды. Тек «Ақтөбе-Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» және «Ақтөбе-Орск» тасжолдары жабық тұр. Бұл бағыттағы жол қардан тазартылып жатыр. Жалпы, кешеден бері қар құрсауында қалған біраз адам құтқарылып, 3 жолаушы жылыту бекетіне жеткізілген. Байғанин ауданы аумағында тұрып қалған 8 көлікті қардан шығару жұмысы жалғасып жатыр.

- Өткен түнде 58 адам қар құрсауынан шығарылды. Мердігер компаниялар жолдарды қардан тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір боран басылды, алдағы тәулікте ауа райы бірқалыпты болады деген болжам бар. Сондықтан жабық тұрған жолды жақын уақытта тазалап боламыз, дейді Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Қасым.