Ақтөбе облысында қуаты 100 МВт-тық газқұбырлы электр станциясы салынады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, электр станициясын салу туралы мәселе бүгін үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалық етуімен өткен кеңесте талқыланды. Атап айтқанда газқұбырлы электр станциясын салуда зейнетақы қорларының активтерін тарту арқылы мемлекет пен жеке капиталдың серіктестік тетігі пайдаланылады. Қазіргі жағдаймен “Қандыағаш газқұбырлы электр станциясы” АҚ атты концессионер компания құрылды. Сонымен бірге жобаның техника-экономикалық негіздемесінің жобасын жасаушыны айқындау жұмыстары жүргізілуде. Д.Ахметовтың пікірінше, бұл станцияны салу электр қуатының тапшылығын біршама қысқартуға және Ақтөбе облысының энергетикалық тәуелсіздігін қамтмасыз етуге мүмкіндік береді. Үкімет басшысының айтуынша, нысан құрылысы қазіргі заманғы батыс технологияларын тарту арқылы жүзеге асырылуға тиіс.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, үкіметтің тиісті қаулысына жуырда қол қойылады.