Ақтөбе облысында қылмыстық топтардың арасындағы атыс кезінде бір қылмыскер оққа ұшты

Оның айтуынша, 5-қаңтарда Қандыағаш қаласында екі қылмыстық топтың арасында атыс шыққан. Қылмыстық топтың бір мүшесі - 23 жастағы Мұғалжар ауданының тұрғыны оқ тиіп оқиға орнында мерт болды.

17-қаңтарда осы дерек бойынша түрлі қылмыстық топтарға жататын екі күдікті ұсталды. Олардың бірі - жұмыссыз, екіншісі - жеке меншік фирмада күзетші болып істейді.
Атысқа қатысқан басқа қылмыскерлерге іздеу жарияланды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары екі қылмыстық топтың өзара қырқысуына қандай себеп түрткі болғанын анықтап жатыр.