Баспасөз орталығының жетекшісі Эльвира Шалқошқарованың айтуынша, заңсыз мигранттар тобы Ташкент-Уфа бағытында жолаушылар тасымалдайтын отарбамен Орынборға нәпақа іздеп шыққан. "Тексеру кезінде ұсталған Тәжікстан азаматтарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуге қажетті құжаттары болмай шықты",- деді Э.Шалқошқарова.
Қазірде шетел азаматтарын Қазақстан аумағы арқылы заңсыз заңсыз алып өту шарасын ұйымдастырды деген күдікпен поездың төрт жолсерігі- Өзбекстан азаматтары ұсталды. Тәртіп сақшыларының анықтағанындай, алдын-ала келісім бойынша жолсеріктер әрбір заңсыз мигранттан 500-1000 Ресей рублін алған.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталғандар көліктегі батыс ІІД-нің қабылдап-таратқышына қамалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті