Ақтөбе облысында сенат депутаттарының сайлауы барысында қазіргі сенат депутаты Еділбай Иманқұлов жеңді

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Е.Иманқұлов 129 сайлаушының дауысын жинады.

Депутаттықтан екінші үміткер ретінде тіркелген кәсіпкер Мақсат Сәңкібаев 28 дауыс жинады.
Жалпы алғанда Ақтөбе облысында қалалық, аудандық және облыстық мәслихаттардың 200 депутаты бар. Бүгінгі сайлауға 192 сайлаушы қатысты.
Сайлау комиссиясының хабарлауынша, сенат депутаттарының сайлауы барысында 35 бюллетень жарамсыз деп танылды.
ТМД тәуелсіз бақылаушылар миссиясы өкілдерінің айтуынша, Ақтөбе облысында сайлау барысында заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.