Ақтөбе облысында шағын зауытта болған жарылыс үшін жауапты азаматтар сотталды


Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталған азаматтар жарылыс қаупі жоғары нысандарда қауіпсіздік талаптарын бұзып,  абайсызда адам өліміне себепші болды деп танылды.
Сот қылмыстың сипаты мен қоғамға төндіретін қаупін ескере отырып, зауыттың бас инженеріне 3 жыл, жауапты тұлғалардың екеуіне екі жылдан жаза кесті.
Қандыағаш қаласындағы шағын мұнай зауытында өткен жылдың 16-шілдесінде жарылыс болды. Жарылыс соңы өртке ұласып, денесін күйік шалған үш адамның екеуі ауруханада көз жұмды.