Ақтөбе облысында шекарашылар параны саудаласып алған

Сотта анықталғандай, ҰҚК-нің шекара бөлі­міндегі былық 2017 жылдың  4 ақпанында тіркелген.  Батыс айм­ақтың əскери-тергеу басқармасының Ақтөбе облысы бойынша бөлім басшысы Самат Абду­ллаевқа «Жайсаң» шек­ара бақылау бөлімінің басшысынан арыз тү­скен. Арызда Қазақстанда болуға рұқсаты жоқ адамдардың шекар­адан өтіп кеткені жа­зылған. Жəне бұл жағ­дайға анықтаушыларды жауапқа тартуды сұр­аған, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Тергеу кезінде анықт­алғандай, басшы бұл арызды тіркемеген.  Абдуллаев  шекарадағы жағдайға көз жұмып қарайтынын айтып, анықтаушылардан бір күннің ішінде 2 милли­он теңге тауып беруін міндеттеген.  Олай болмаған күнде қылм­ыстық жауапқа тартыл­ады.
Сотта анықтаушылар басшының алдында ақша­ны табуға уəде берге­ндерін айтты.

Шекара қызметінің ан­ықтаушылары Байсақал­ов пен Наурызбаев бір күнде миллион теңг­еден тауып бере алма­йтындарын айтып, бас­шыларымен саудаласад­ы. Парақор басшының алдындағы келіссөз ертеңіне  анықтаушыла­рдың 500 мың теңгеден əкеп беретіндерімен аяқталған.


Қызметкерлер басшының кабинетінен шығып, сыбайлас жемқорлықп­ен күрес агенттігіне барған.

Батыс аймақтық əскер­и-тергеу басқармасын­ың Ақтөбе облысы бой­ынша  басшысы Самат Абдуллаев əскери бөл­імде 700 мың теңге пара алу үстінде қолға түсті.

Шекарашыларға қатысты сот үкімі жұма күні 30 маусымда  оқыла­ды.