Ақтөбе облысында шенеуніктерден қысым көрген кәсіпкер өзін өртеп жібермек болды

-Міне, мына бензинді құйып өртеймін. Солар менің өліміме жауап береді. Наубайхананы да өртеймін.

Шаруасының шатаяқтап кетуіне себеп болған шенеуніктерге тоқтам бола алмаған құзырлы органдарға өпкелі кәсіпкердің енді осыдан басқа амалы қалмаған. Өткен жылы несие алып, Бестамақ ауылынан кәсібін тәуір бастаған Байғана Рысмағанбетовтың жаңадан салған наубайханасы Алға ауданының басшыларына жақпапты. Ең сорақысы өздері берген рұқсат бойынша салынғанымен үнемі оны бұзып тастап отырған.

Байғана Рысмағанбетов, кәсіпкер:

-Шенеуніктер. Соның ішінде  әкімнің орынбасары  Алдияров Нағымжан деген,  Шеркештаев Районныйгаз Шеркештаев Жақия деген, оның помошнигі Нұрмағанбетов Асқар деген тағы басқалары аяқтан шалып Елбасының жолдауын қолдамай отыр. Екі рет пекарний салып, екі рет расходталып отырмын. Үйім кредитте. Машинам кредитте. Өзім ағайын-тума жұрағатқа бережақпын. 

«Пайда табам» деп, қарызға батқан кәсіпкердің қайтадан салған наубайханасына шенеуніктер енді комуналдық жүйе жүргізуге құлықсыз. Себебін, ашып айтпай отыр. Сондай-ақ, шенеуніктер алғашқыда қызыл сызық бойына неліктен құрылыс жүргізуге рұқсат бергендерін айта алмай отыр.


Тағыберген Есенов, Бестамақ ауылдық округінің әкімі:

-Қызыл сызықта болған ештеңесі жоқ. Ана жолдың жанынан біз бердік комиссияның шешімімен. Земелный комитет бәрі соглосовать ететіп берілді де, бірақ келешекте жол төрт жол болып кеңейтін болғасын жолға тым жақын болады деп кейін шегегеру керек деп біз әрмән қарай жүз метр кейін шеріп, Қазір ешқандай кедергі жоқ.

Байғананың ауылда кәсіп ашуға мүмкіндік жасалып жатыр деген дақпыртқа сенгісі жоқ. Керісінше пайда табам деген шалғайдағы шаруаның басы дауға қалады деп кесіп айтты. Әйтсе де бензин толы бөшке құшақтаған кәсіпкер әлі де үміт үзбей, шенеуніктерден жағымды жаңалық күтіп отыр.