Ақтөбе облысында соңғы бес жылда алғаш рет жоғарғы көкөніс түсімі жиналды

Басқарма мәліметтеріне сәйкес, биыл картоп егілген алқаптардан барлығы 69 мың тонна картоп жиналып, бір гектардың түсімі 115 центнерге жетті.

Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 15 процентке артық.
Сондай-ақ, қырыққабат, қызылша және сәбіз түсімі де едәуір өсті. Ақтөбе және Мартық аудандық фермерлері 18 мың тонна көкөніс жинады, бұл - Ақтөбелік ауылшаруашылығы мамандарының жалпы жинайтын түсімінің тең жартысын құрайды.
Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, "облыс орталығында биыл басқа аудандардан тек қияр мен қызанақ қана жеткізу қажеттігі пайда болды. Өйткені, жаздағы салқын күн райы облыста аталмыш дақылдардың пісіп-жетілуіне мүмкіндік бермеді".