Облыс басшылығы мұндай шешімді гидрометеорология орталығының облыстағы қоршаған ортаның ластануына жүргізген мониторинг шарасынан кейін қабылдаған. "Зерттеулер қорытындысы көңіл көншітпейді",- дейді облыстық экология басқармасының бастығы Алмас Иманбаев.
Ақтөбе өңіріндегі қоршаған ортаны қорғау үшін облыстық әкімшілік бөлген қаржыға "Ақтөбе НПЦзем" кәсіпорны облысты экологиялық аудандарға бөлуге бағытталған ұйымдастыру шараларын өткізді. Сондай-ақ, "Шөлейттенумен күрес" бағдарламасының жобасын жасау жұмыстары атқарылды.
2003-жылы облыстағы ірі кәсіпорындар атмосфераны қорғау мақсатына 125 млн. теңге бөлді.