Ақтөбе облысында тасқын салдарынан 47 үй су астында қалып, 288 бас мал шығынға ұшырады

Министрлік ақпаратына сәйкес, тасқынның болуына Таранкөл және Айтпай өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі мен көпір маңында мұз сеңдердің түзілуі себепкер болған. Соның салдарынан Көкістік ауылында 10 тұрғын үй қосалқы қора-жайларымен қоса толық бүлініп, 6 үй апатты жағдайға келіп, 31 үйді су алып кетті. Сонымен бірге тұқым және азық-түлікке арналған астықты сақтауға арналған екі қойма да су астында қалды.

Ауылдан 47 отбасы көшірілді.
Алдын-ала мәлімет бойынша, су тасқыны салдарынан келген шығын көлемі 35 млн. теңгені құрады. Төтенше жағдайдың алдын алу жөніндегі штаб құрылды.