Атап айтқанда, Батыс өңірлік көлік прокуратурасы бастығының орынбасары Жасұлан Дәулембаевтың хабарлауынша, Ақтөбе облысының аумағындағы темір жолды тексеру кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін өлшеу құралын пайдалану оқиғасы анықталған.
Сонымен қатар, қадағалау органының өкілінің айтуынша, сапасы төмен және мемлекеттік стандарттарға сай келмейтін материалдардан темір жолдарды жөндеу және салу оқиғалары тіркелген.