Ақтөбе облысында Toyota Саmry жүргізушісі 9 жасар қызды қағып кетті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

27 қазанында сағат 12:50 шамасында Қандыағаш қаласындағы Toyota Саmry автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі Жамбыл көшесінде қозғалыс үшін кедергі мен қауіп туындаған кезде жылдамдықты төмендетпей, жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жолға шығып кеткен 9 жасар кәмелетке толмаған қызды қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жасөспірім Мұғалжар ауданының (Қандыағаш қаласы) орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде.


Жыл басынан бері балалардың қатысуымен 74 ЖКО орын алды, онда 4 бала қаза тауып, 91 бала дене жарақатын алды.