Апат 24-қараша күні кешке Хобда ауданы, Хобда ауылында болған. "К-791" тракторының жүргізушісі "ВАЗ-21099" автокөлігімен соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан "Жигули" жүргізушісі мен оның екі жолаушысы мерт болды. Тағы үш жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.