Ақтөбе облысында туляремия деген диагнозбен бір ер адам ауруханаға түсті

Агенттік мәліметіне жүгінсек, облыстық санитарлық қызмет аталмыш індеттің таралуына тосқауыл қоюға бағытталған шаралар қолдануда.

Туляремия - аңдар мен адам ағзасына табиғи ошақтан таралатын өте жұқпалы ауру. Ол көбінесе ауру кеміргіштерден жұғады.