Ақтөбе облысында тұрғындарға арналған ақысыз дәрілік препараттар пайдаланылмай қалып жатыр

Оның айтуынша, қазір гемофилия, паркинсон дерті мен миастенияға шалдыққандарға арналған "Иммунат", "Циклодол", "Наком", "Прозерин" және "Калимин" секілді қымбат дәрілерге сұраныс жоқ.

Игерілмегендер санатына қосылған бұдан басқа да дәрілік препараттар жетерлік.

Осыған байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы диспансерлік есептегі науқастардың ақысыз дәрілермен қамтамасыз етілетіндігін хабарлайды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы осындай ақпаратты халыққа таратпаған дәрігерлерге қатысты шара қолданылатындығын ескертті.

Жалпы алғанда биыл Ақтөбе облысында тұрғындарды ақысыз амбулаториялық дәрімен қамтамасыз етуге бюджеттен 900 млн астам теңге бөлінген.