Ақтөбе облысында үш ірі далалық өрт сөндірілді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақтөбе облысының Алға ауданындағы далалық өрт 15 қазанда 10 сағат 22 минутта шыққан. Өрт 5000 га аумақты шарпыды. Өрт салдарынан 100 тележка шөп жанып кетті.

"Өрт 16 қазанда 06 сағат 55 минутта шоғырландырылып, 08 сағат 03 минутта ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 27 адам және 3 техникасының көмегімен сөндірілді", - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, 15 қазанда 19 сағат 17 минутта Благодарный және Қарғалы ауылдық округтерінде, Аөтөбеден 30 шақырым жерде 5000 га аумақта өрт шықты.

"Өрт 16 қазанда 07 сағат 05 минутта шоғырландырылып, 08 сағат 20 минутта ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 27 адам және 3 техникасының көмегімен сөндірілді", - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысының Алға ауданында Ақтөбеден 25 шақырым жерде 15 қазанда 17 сағат 23 минутта 5000 га аумақта өрт шықты.

"Өрт 08 сағат 15 минутта сөндірілді", - деп хабарлайды ТЖМ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті