Монументті қайта жаңартудан өткізу туралы ой екі жылдай уақыт бұрын айтылған болатын. Осы жұмысты бастау үшін жайсаңдықтар ағымдағы жылдың басынан бері білек сыбана кіріскен. 155 мың теңге көлеміндегі қаражатты халық өз қалтасынан шығарған. Игі іске ауылдық округтегі мекемелер, ұйымдар қолдау білдірген.
Даңқ ескерткішінің ашылуына арналған митингіде аудандық мәслихаттың депутаты Виталий Долгов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Фарит Шәкіров, майданшылардың ұлдары мен соғысқа қатысушылардың жесірлері қатысты.