200 орынға есептелген жаңа балалар үйі келесі жылы Хромтау ауданында ашылады.
Қазір жетім балаларға арналған сауықтыру лагерінде облыстық бюджеттің есебінен жаңа төрт корпус салына бастады. Сонымен бірге, 138 балаға есептелген Тамды қосымша мектеп -интернатында жатақхана күрделі жөндеуден өткізіліп, заманауи ойын бөлмелері мен демалыс бөлмелері жабдықталды.