Ақтөбе облысында жер үйдің ауласынан полиция қызметкерлері қару-жарақтар тапты

"Ақтөбе облыстың ІІД экстремизммен, сепаратизммен және терроризммен күрес басқармасының қызметкерлері Хромтау ауданының 54 жастағы тұрғынының жер үйінің ауласынан танкке қарсы мина, жеті жарылғыш және аммонит тәрізді 1 кг зат тауып, тәркіледі", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиев.