Ақтөбе облысында жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

Мәлімет бойынша, бүгін жедел-тергеу іс-шаралары кезінде аталған жағдайға қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы ер адам ұсталды. Оның автокөлігінен жоғалған әйелдің пышақ жарақаты бар мәйіті табылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Осы дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.

Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр.