ТЖМ мәліметінше, 4 маусымда 19 сағат 07 минутта Ақтөбе - Астрахань (25 шақырым) тас жолында "Форд" және "Фольксваген" көліктері соқтығысты. Апат салдарынан "Форд" жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. "Фольксваген" жүргізушісі мен оның үш жолаушысы, соның ішінде 9 жасар бала мен 16 жасар қыз ауруханаға жатқызылды.