Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақтөбе облысының Алға ауданы Алға қаласына кіре берісте 3 мамырда 13 сағат 30 минутта "Sang Yong Korando" көлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан бір жолаушы оқиға орнында қаза тауып, екеуі ауруханаға жатқызылды.