Апат 31-қазанда Ақтөбе-Яйсан автожолының 10-шақырымында болып, бірінші және жетінші үлгілі "ВАЗ" автокөліктері соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан "ВАЗ-2107" автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орнында мерт болды. "ВАЗ-2101" автокөлігінің жүргізушісі мен 14 жастағы жолаушы мен "ВАЗ-2107" автокөлігінде отырған 8 жасар қыз түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.