Ақтөбе облысында жолаушылары болған автобус аударылып төрт адам жарақаттанды

ТЖМ ақпараты бойынша Самара-Шымкент тас жолының 914 шақырымында 17 сәуірде 03 сағатта 20 минутта 40 жолаушысы болған "Неоплан" рейстік автобусы аударылды. Жол көлік апаты салдарынан төрт адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.