Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«19 сәуір күні Ақтөбе-Орынбор бағытындағы жолдың 35 шақырымдық жерінде «КамАЗ» көлігінің ішінен 1966 жылы туған жүргізушінің денесі табылды. Оның денесінде оқ ату салдарынан көз жұмғанын білдіретін белгілер болған», - делінген облыстық ІІД баспасөз хабарламасында.
Бұл жағдайға қатысты ҚР ҚК-ның 99-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу амалдарына кедергі келтірмеу мақсатында басқа ақпарат жарияланған жоқ.