Ақтөбе облысында жүк поезы автокөлікпен соғысты; бір адам қаза тапты



Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, апат Қызылсай станциясында темір жолдың реттелмейтін өткелі маңында болған. "Қостанай -Ақтөбе бағытында жолға шыққан №0512 тепловоз "Ниссан" көлігімен соқтығысты",- делінген хабарламада. Министрліктің хабарлауынша, апат салдарынан "Ниссан" көлігінде отырған 51 жастағы әйел ауруханада қайтыс болып, автокөліктің жүргізушісі мен тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды".

"Поездардың қозғалысы үзілген жоқ",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.