Үй иелері бұл сәтте үйлерінде болған, олар баласының жансыз денесін тапқан. Бүлдіршін өлімге әкелетін жарақаттар алған, соның ішінде мойын омыртқасы үзіліп кеткен. Кеше жерлеу рәсімі өтті.
Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағамбетов хабарлағандай, құтыру ауруына шалдықты деп күдіктелген жылқы өлтірілді. Қазір қажетті сараптама материалдары алынып, зертханаға жөнелтілді.