Caravan Logo

Ақтөбе облысындағы мешіт имамдарының бірі оқушы қызының орамалын шешкізбей жүр

Ақтөбе облысындағы мешіт имамдарының бірі оқушы қызының орамалын шешкізбей жүр

Бұл туралы облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов Aktobenews.kz тілшісіне айтып берді.

«Қазіргі таңда облыс бойынша 9 қыз бала орамал тағып жүр. Кеше ғана Алға ауданына барып келдім. 2 қыздың ата-анасы көнді. Қазір орамал тағып жүрген 7 оқушы ғана қалды. Бұл ресми мағлұматтар. Сенбесеңіз, көрсете аламын», — деді басқарма басшысы.

Жолдас Қалмағанбетовтың сөзінше, 7 оқушының бірі — Ақтөбе қаласындағы мешіттердің біріндегі имамның қызы.

«Олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Орамалын шешпей жүрген балалардың барлығы — 10-11 класс оқушылары. Олар бізге қарасты мекеме болмағандықтан, біз оларға бұйыра алмаймыз. Сондықтан облыстың бас имамы, мүфтияттың тарапынан оларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді басқарма басшысы.